Жаңалықтар

22 желтоқсан 2006
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сянган арнайы әкімшілік ауданы әкімшілігінің басшысы Дональд Тсангпен кездесті.

- Біз Қазақстанның табыстары мен жетістіктерін жіті бақылап отырмыз. Тәуелсіздіктің 15 жылы ішінде сіздер көп нәрсеге қол жеткіздіңіздер. Сіздер әлемдегі аса қарқынды дамыған экономикасы бар мемлекет құруға қол жеткіздіңіздер. Сондай-ақ сіздер қазір Алматыда өңірлік қаржы орталығын құрып отырсыздар. Осының барлығы да біздің алдымыздан инвестициялық ынтымақтастық үшін зор мүмкіндіктер ашады, - деді Д.Тсанг.

 
- Бүгін біз елдеріміз ынтымақтастығы жаңа кезеңінің басталғанына куә болып отырмыз. Бұл кезең – саяси сенімді нығайту мен өзара іс-қимыл салаларын кеңейте түсу кезеңі. Бізде барынша тығыз ынтымақтастықтың, ең алдымен, қаржы-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар. Сондықтан, бүгін біз қол қойған келісімдер екіжақты байланыстарға жаңа қарқын қосады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар