Жаңалықтар

10 сәуір 2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Брюссельге келді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропалық инвестициялық банктің Президенті Ф.Майштадтпен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Еуропалық инвестициялық банктің Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жоғары бағалады. ЕИБ-ның Қазақстан экономикасына инвестиция салу мәселелерінде негізгі серіктес ретінде қарастырылатыны атап өтілді.
– Қазақстан Республикасы мен Еуропалық инвестициялық банк арасында бүгін қол қойылған Негіздемелік Келісім болашақтағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негіз қалауы тиіс. Бұл Қазақстан үшін ең бірінші кезекте инфрақұрылымдық жобаларға ұзақмерзімді және салыстырмалы түрде онша қымбат емес кредиттік ресурстар тартуға мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Қазақстан мен ЕИБ арасындағы ынтымақтастықтың «жол картасын» жасау туралы ұсыныс айтты. Онда орта және ұзақмерзімді келешекке жоспарланған нақты перспективалық жобаларды көрсеткен маңызды.
Кездесуде айтылғандай, Кеден Одағының құрылуы қазақстандық нарықты еуропалық инвестициялар үшін тек мұнайгаз және энергетика салаларында ғана емес, сонымен бірге транзиттік-көліктік инфрақұрылым, ауылшаруашылық және индустриалдық-инновациялық салалары бойынша тартымды инвестициялық алаңға айналдырмақ.
Қазақстан сонымен қатар ЕИБ-ны жаңартылатын энергия көздерін дамыту, өндірісте экологиялық тұрғыдан таза серпінді және энергосақтаушылық технологияларды пайдалану арқылы су ресурстарын басқару жобаларына тартуға мүдделі.
Мемлекет басшысы Ф.Майштадтты ағымдағы жылдың маусым айында Алматыда өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысына қатысуға шақырды. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар