Жаңалықтар

30 қаңтар 2007
Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясында Берлинде Нұрсұлтан Назарбаевтың неміс тіліндегі «Еуразия жүрегінде» кітабының таныстырылымы болып өтті.

Кітаптың таныстырылымына Германияның қоғамдық-саяси топтар өкілдері, Германия Федеративтік Республикасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жүрген қазақстандық студенттер, Қазақстан-Герман қоғамының мүшелері қатысты.


- Менің болжауымша, жаңа елорда өзгерістер символына айналуға тиіс болатын. Енді міне, өткен он жылдан кейін біз Астана нақ осы нышанға айналды деп айта аламыз. Бүгінгі күні біздер елорданы Астанаға көшіру экономикалық және әлеуметтік жаңартулардың зор әлеуетін бойына жиған негізгі әрі ұтқыр дамыту жобаларының бірі болғанына көз жеткіздік. Қазақстан елордасының серпінді дамуы біздің күллі еліміздің даму қарқыны мен әлеуетін айқындайды. Астана – Қазақстанның мақтанышы, біздің мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік табыстарының символы. Сондықтан да, мен елорданы дамыту мәселесіне әрдайым көңіл бөліп келемін әлі де айрықша назарда ұстаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев кітаптың таныстырылымында.


Мемлекет басшысы өзінің сөйлеген сөзінде Қазақстан елордасын дамытудың жоғары қарқыны мен жаңа асқақ мақсаттарды жүзеге асыру барысы туралы әңгімелеп берді.


Елбасы сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан-Герман қоғамының мүшелеріне алғыс білдірді және Германия Федеративтік Республикасының Мемлекеттік министрі Гернот Эрлерге Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын дамытуға, біздің елдеріміз арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту ісіне қосқан үлесі үшін екінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар