Жаңалықтар

4 қаңтар 2006
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет және халықаралық ұйымдар басшыларынан сайлаудағы жеңісіне арнаған құттықтаулар легі жалғасуда.

Қазақстан басшысына деген өзінің игі тілектерін Хорватия Республикасының Президенті Степан Месич білдірді.

 
- Сізге Хорватия халқының атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне қайта сайлануыңызға арнаған құттықтауымды және жоғары әрі жауапты басшылықты табысты атқаруға деген тілектестігімді жеткізуге рұқсат етіңіз. Сіздің жеке басыңызға бақыт, еліңіз бен Қазақстан халқына өрлеу тілеймін, - делінген жеделхатта.

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Сербия және Черногория Президенті Светозар Маровичтен құттықтау келіп түсті.

 
- Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қайта сайлануыңызға орай Сізге Сербия мен Черногория азаматтары мен жеке өз атымнан құттықтауымыз бен игі тілектерімізді жолдағым келеді. Сіздің осындай жауапты лауазымды атқара отырып, өзіңіздің тәжірибеңіз бен күш-қуатыңызды еліңіздің және оның азаматтарының одан әрі дамуына жұмсайтыныңызға сенімдімін, - деп атап өтіледі жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар