Жаңалықтар

9 қаңтар 2006
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына сайлаудағы жеңісімен мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдар жетекшілері, саяси және қоғам қайраткерлерінен құттықтаулар жалғасуда.

Мемлекет басшысының атына Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасио Лула да Силвадан құттықтау келіп түсті.

- Аса Мәртебелім, Сізді президент сайлауындағы жеңісіңізбен құттықтаймын және Қазақстан халқы Сіздің дана басшылығыңызбен таң қаларлық әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізе беруін тілеймін. Сондай-ақ біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз өзара тиімді әріптестік пен достық рухында сенімді түрде дами беретініне сенім білдіремін, - деп атап көрсетіледі жолдаухатта.

Мемлекет басшысының атына Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Табо Мвуйелва Мбекиден құттықтау келіп түсті.

- 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен президент сайлауындағы Сіздің жарқын жеңісіңізге орай Аса Мәртебелім, Сізді, ел Үкіметін және Қазақстан халқын шын жүректен құттықтауға және табыстан табысқа жете беруіне деген тілектестігімді білдіруге рұқсат етіңіз. Сіздің қайта сайлануыңызбен біздің елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастар өзара ықпалдастықтың барлық салалары бойынша дами беретініне сенімдімін, - делінген құттықтауда.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар