Жаңалықтар

5 сәуір 2006
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясындағы ресми сапары жалғасуда.

214.jpg

215.jpg

Бүгін Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы Федералды Жиналысының жалпы мәжілісінде сөз сөйледі. Мемлекеттік Думаның Төрағасы Борис Грызлов Ресей депутаттары атынан Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтап сөз сөйледі.

Қазақстан басшысы парламент өкілдерін Мемлекеттік Думаның алда келе жатқан жүзжылдық мерейтойымен құттықтады.

-Алдағы бір айға жетпейтін уақытта біз Мемлекеттік Думаның 100 жылдық мерейтойын тойлайтын боламыз. Заңнамалық органның құрылуы Ресей парламентаризмі дамуының бастауы болды. Менің “біз” деуімнің себебі Мемлекеттік Думаның құрылуы кезінде оның депутаттарының қатарында Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Мұхамеджан Тынышпаев сияқты қазақ халқының 12 өкілі және халқымыздың басқа да өкілдері болды. Соның ішінде, олардың үшеуі Мемлекеттік Думаға екі мәртеден сайланды. Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші шақырылымының мұрағаттарында біздің көрнекті тұлғаларымыздың саяси белсенділігі мен өз халқының ғана емес, барша Ресей халқының игілігін мұрат еткен Қазақ Даласы өкілдерінің шынайы ниеттерін айғақтайтын көптеген құжаттар сақтаулы. Сол игі ниеттері арқылы олар осы заңнамалық органда жиылған орыстың  озық ойлы  зиялыларымен ынтымақтаса алды,-деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың РФ Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасында сөйлеген сөзінің толық мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар