Жаңалықтар

15 желтоқсан 2006
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай шетел мемлекеттерінің басшылары Қазақстанның Президенті мен халқына өз құттықтауларын жолдауда.

Мемлекет басшысының атына Жапония Императоры Акихитодан құттықтау келіп түсті. “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мен қанағат сезімімен Қазақстан Президентіне өзімнің шын жүректі құттықтауымды жолдаймын және Сізге, Сіздің халқыңызға шын ниеттен бақыт және өркенділік тілеймін”, – делінген жеделхатта.

 
“Жоғары Мәртебелі Сізге Швейцария Федерациясы Кеңесінің құттықтауын, сондай-ақ Сізге және Сіздің еліңізге берекелі болашақ тілеген өз тілегімді жеткізу айрықша ғанибет. Біз¬дің елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастық дәнекерлері келесі жылы нығаюын жалғастыра берсін”, – деп жазады өзінің құттықтау жолдауында Швейцария Конфедерациясының Президенті Мориц Лейенбергер.

 
“Ирландия халқының және жеке өз атымнан Сізге Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай шын ниетті құттықтауым мен ең ыстық тілектерімді жолдаймын. Сізге және Қазақстан Республикасының халқына бақыт пен өркенділік тілеймін”, – деп атап өтілген Ирландия Президенті Мэри МакАлиздің жолдауында.

 
Қазақстан лидеріне Түркия Республикасының Президенті Ахмет Неждет Сезер құттықтау жолдапты.  
“Біз Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен өткен он бес жылда қол жеткізген табыстарды ықыласпен қадағалап отырмыз. Біздің елдеріміздің арасындағы байырғы бауырмалдық сезімдерге, тарихымыздың, тіліміз бен мәдениетіміздің ортақтығына негізделген қарым-қатынастар одан әрі дамиды деп шын ниеттен үміт артамын. Қазақстанның достас туысқан халқына ізгілік және өркендеу тілеймін”, – делінген құттықтауда.

 
“Қазақстанның туысқан халқы Тәуелсіздік жылдарында экономика саласында, қазақ мемлекетінің әлеуметтік және қоғамдық-саяси өмірінде тағдырлық маңызы бар өзгерістерді жүргізуде әсерлі табыстарға қол жеткізгені қуанышты, соның арқасында Сіздің еліңіз әлемдік аренада лайықты орын алды. Тәжікстан сан ғасырлық достықты дамыту мен нығайтуға Сіз жеке өзіңіз қосқан үлесті жоғары бағалайды”, – деп атап өткен өзінің жолдауында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонов.

 
“Сізге және Сіз арқылы бүкіл Қазақстанның туысқан халқына Тәуелсіздік күніне орай өз құттықтауымды жолдаймын. Шын жүректен одан әрі ілгерілеу мен өркендеу тілеймін”, – делінген Түркіменстан Президенті Сапармұрат Ниязовтың жеделхатында.

 

Қазақстанның басшылығы мен халқын Тәуелсіздіктің 15 жылдығымен АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының конгрессмендері құттықтады.

 
“Мені экономикалық тұрғыда да, сондай-ақ демократиялық прогресте де осынау Орталық Азия елінің тәуелсіз болған уақыттан бері қаншалықты ілгерілегендігі жігерлендіреді. Қазақстан бірқатар қиындықтарды еңсеріп, бүгінде өңірде экономикалық және саяси азаттықты ілгерілетуде кеңінен танымал көшбасы болып табылады. Осы жылдың күзінде біз Қазақстан табыстарының архитекторы болып табылатын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Құрама Штаттарда жылы шыраймен қарсы алдық. Қазақстан Орталық Азиядағы барынша прогресшіл ел болып табылады, ол демократиялық реформаларды ілгерілетуде осынау барынша маңызды өңірде өнеге болып отыр. Биылғы жылы біз сондай-ақ Америка-Қазақстан қатынастарының 15 жылдығын атап өтеміз. Біз азаттық пен демократияның ортақ құндылықтарына негізделген достыққа мақтанышпен ортақтаса¬мыз”, – деп атап өтті өзінің сөзінде Техас штатынан конгрессмен Эдди Бернис Джонсон.

 
Мемлекет басшысының және Қазақстан халқының атына “Ядролық қатерді азайту жөніндегі бастама” қорының тең төрағасы Сэм Нанның құттықтауы келіп түсті.  
“Сіздер Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығын атап өтіп жатқан осынау күндері Сіздің мемлекетіңіздің мерекелеуге лайық көптеген нәрселері бар. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік ха¬лықаралық қоғамдастыққа сындарлы да белсене қатысуға негізделетінін көрсететін өңірлік және жаһандық лидерге айналды. Ол әлемде ядролық қаруды таратпаудың сөз жүзінде ғана емес, сонымен бірге, бұл әлдеқайда маңызды, іс жүзінде де аса ұлы белсенділерінің бірі болып табылады. Қордағы біздер өзіміздің Қазақстанмен тығыз байланыстарымызды мақтан етеміз”, – деп атап өтілген құттықтауда.

 
Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылдығымен Мемлекет басшысын ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы Григорий Рапота құттықтады. “Осы жылдарда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда, ғылым мен мәдениетті дамытуда ауқымды жетістіктерге қол жеткізді. Мұның өзі халықаралық тұрғыда кеңінен танылды. Қазақстан Республикасы Еуразия экономикалық қоғамдастығының қызметінде белсенді де жасампаз рөл атқарады. Қазақстан экономикасының серпінді дамуы Қоғамдастық аясында интеграциялық үдерістерді одан әрі тереңдетуге қолайлы жағдай туғызады”, – делінген құттықтауда.

 

Мемлекет басшысының және Қазақстан халқының атына шетелден көптеген құттықтаулар келіп түсті.

 
“Ресей мен Қазақстанның халықтарын ынтымақтастық пен тату көршілік, достық пен өзара түсіністілік дәнекерлері байланыстырады. Бұл қатынастарды дамытуға Сіз жеке өзіңіз зор үлес қостыңыз. Ертістің Омбы өңірі тұрғындарының атынан және жеке өз атымнан Қазақстан Республикасы халқының игілігі жолындағы Сіздің мемлекеттік қызметіңізге табыстар тілеймін”, – делінген Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаевтың құттықтауында.

 
“Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік-экономикалық дамуда әсерлі табыстарға қол жеткізді. Қазақстан таңдаған Ресеймен стратегиялық әріптестік бағыты Еуразия континентінде интеграциялық байланыстарды тереңдетуге жәрдемдеседі деп шын ниеттен сенемін”, – делінген Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкиннің жеделхатында.

 
Руханияттың өркендеуіне жәрдемдесу жөніндегі “Руханият” халықаралық ассоциациясы кеңесінің атынан Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына Қырғызстанның, Өзбекстанның, Қазақстанның, Ресей Федерациясының, Египеттің, Түркия мен ҚХР-дың көрнекті шығармашылық және қоғам қайраткерлері – Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шаханов, Николай Губенко, Орхан Инанды, Саид Башим, Жума Қадыр және басқалар құттықтау жолдады.

 
“Өткен он бес жыл тағдыршешті оқиғалар мен терең өзгерістерді қамтыды. Олар демократиялық егемен мемлекет құруға арналған Қазақстанның бағытын айқындап, нығайтып берді. Қоғамдық-саяси салада, нақты экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуде, Қазақстанның көпұлтты халқын топтастыруда әсерлі жетістіктер бар. Бізді Сіздің республиканың өндірістік және рухани әлеуетін үздіксіз арттыруыңыз, беделін орасан өсіруіңіз қуантады. Халықаралық аренадағы мұндай табыстарды Сіздің – Қазақстан Республикасының жалпыға танымал лидері мен басшысының есімінен бөліп қарауға болмайды. Біз халықтарды жан-жақты дамытуға және жақындастыруға, мәдениеттердің өзара молығуына бағытталған қадамдарды ықыласпен құптаймыз”, – делінген жолдауда.

 

“Петро Қазақстан” компаниясының атынан президенті Бо Чилян Елбасына құттықтау жеделхатын жолдады. “Егемен мемлекет болып қалыптасқалы 15 жыл ішінде республика әсерлі жетістіктерге жетті және бүгінгі таңда Қазақстан экономикалық өсу және саяси тұрақтылық көрсеткіштері бойынша ТМД елдері арасында көшбасшы болып табылады”, – делінген құттықтауда.

 
“Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын” делінген “Теңізшевройл” кәсіпорны ұжымының Елбасына жолдаған құттықтауында.

 
Еліміз Тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досановтың құттықтау жеделхаты келіп түсті.

“Ұлы мерекеміз – Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығымен құттықтай отырып, Сізге – кемел ойлы кемеңгер көшбасшылығыңызға айтар тілегім:  
Данышпансыз бағындырған уақытты,  
Сыйладыңыз Сіз біздерге бақытты.  
Алла жар боп, алда да елді бастай бер,  
Жарқыратып алтын тақта жақұтты!”, – делінген жеделхатта.

 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Азат Абдуллаев Елбасына жолдаған құттықтауында “Сізді еліміздің 15 жыл тол¬ған Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Отбасымның атынан және Қазақстан жастары атынан Сізге зор денсаулық тілеймін. Сәби жүрекпен біз Қазақстан жастары осы тәуелсіз күніміздің әр сағатын, минөтін, секөнтін қадірлеп, аялап, еліміз үшін қызмет етуге дайынбыз”, – делінген жеделхатта.

 

Академик Ғарифолла Есімнің жеделхатында “Сіз кең байтақ Қазақ даласына Тәуелсіздік отын жақтыңыз, міне, содан бері, құдайға шүкір, қазақ халқы әлемге танылып, сән-салтанатымен бейбіт ғұмыр кешіп жатыр. Сіз егеменді еліміздің қазынасына, мақтанышына айналған, шын мәнінде Тарихи Тұлғасыз, әлемге халқымызды танытқан жаңа заманның таңдаулы көшбасшысысыз, Сізге ұзақ ғұмыр тілеймін, Сізбен тағдырымыз бір, ел қамына бағытталған әр ісіңізді Жаратушымыз әманда қолдасын”, – деп тілек білдіреді.

 
“Егемен еліміздің 15 жылдық ұлы мерекесімен құттықтаймын. Халқымның бағына туған ерім, арым, беделім, аса ақылды бәйтерегім, Нұреке! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілеймін”, – делінген Қазақстан Республикасының халық әртісі, композитор Базарбай Жұманиязовтың Мемлекет басшысына жолдаған жеделхатында.

 
Семей қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардегері Қабыш Омаров Мемлекет басшысын Тәуелсіздіктің 15 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, өшпес бақыт тілеп, мәртебесінің биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласын жеткізеді.

 
“Ел Тәуелсіздігінің тұтқасын ұстап, өзіңіз ашқан алтын есігі құтты болсын. Нұреке, тарих парағы қанша ақтарылса да тәуелсіз Қазақстанның бостандық кітабының маңдайына Сіздің атыңыз алтын әріптермен жазылып тұрарына менің де, елдің де күмәні жоқ. Сол бақыт баянды болсын. Еліңізге өз қолыңызбен сыйлаған Тәуелсіздік мәңгілік болсын”, – делінген Асылмұрат Тұрғанбекұлының жеделха¬тында.

 

Қазақстан Республикасының халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің Елбасының атына жолдаған жеделхатында:  
“Сізді республикамыз Тәуелсіздігінің 15 жылдығымен шын жүректен құттықтап, өзіңізге, отбасыңызға зор денсаулық, бақыт тілейміз. Еліміздің экономикасын халқымыздың әл-ауқатын одан әрі дамыта беріңіз”, – делінген.

 
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының тұрғыны, зейнеткер Әбілдахан Шайманов Елбасына деген ыстық ықыласын былайша білдіріпті:  
Тәуелсіздіктің 15 жылдығы  
Құтты болсын деп тілеймін.  
Қазақстан халқына  
Тек жақсылық тілеймін.  
Тәуелсіз Қазақстан  
Мәңгілік жасай берсін деп тілеймін.

 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.Ғазалиевтен құттықтау келіп түсті.  
“Сіз көптеген саяси бастамалардың авторы болып табыласыз және Сіздің ісіңіз – сөзіңіздің куәсі. Мысалы, жоғары білім беруге көрсетіп отырған Сіздің қолдауыңыз бізге дем беріп, Қазақстанды әлемдік үздіктер қатарына енгізуге қабілетті мамандар даярлаудағы жауапкершілігімізді арттыра түседі”, – делінген онда.

 
“Ел өміріндегі басты мейрам – Тәуелсіздік күніне орай ыстық ықыласты құттықтауымды қабыл алыңыз! Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын”, – делінген ҚазҰМА-ның ректоры, ҚР халық әртісі, профессор А.Мұсақожаеваның құттықтауында.

 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының тұрғыны, зейнеткер Әбжанов Молдахан мен Дәуленбаева Ақсұлудың атынан келген жеделхатта:  
“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толуы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, елімізді дамыған 50 елдің қатарына қосу мақсатында атқарып жатқан еңбегіңізге табыс тілейміз”, – делінген.

 

Семей қаласының тұрғыны Ернар Оразалиннің құттықтауында: “Сізді елімізді, жерімізді сақтау үшін күрескен ата-балалар арманын жүзеге асырған, артыңыздан ерген халқымыздың тыныштықты сақтап, өзіңіздің басшылығыңызбен алған Тәуелсіздігіміздің 15 жылдық мерекесімен құттықтаймын”, – делінген.

 

Екібастұз қаласының тұрғындарыГауһар Мұхамадиярова мен Сабыр Әбілдиннің құттықтау жеделхатында: “Сіздің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатыңыздың арқасында Қазақстан келешекте әлемдегі дамыған 50 елдің қатарынан көрінетіне біз кәміл сенеміз. Қазақстанның Тәуелсіздігін мәңгілікке апаратын өзіңіз орнатқан Астанамыздың мәртебесін түсірмейтін, жастарымыздың білімін әлем деңгейіне көтеруге жағдай туғызатын Сіздің амандығыңызды Алладан тілейміз”, – делінген.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар