Жаңалықтар

26 мамыр 2007
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Б.Мұхамеджанов «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағын басшылыққа ала отырып және елдің Бас прокурорымен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі Рахат Мұхтарұлы Әлиевті қызметінен босату туралы Мемлекет басшысына ұсыныс жа

Онда Р.М.Әлиев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабының 3-тармағында қарастырылған – пайдакүнемдiкпен ұйымдасқан топпен адам ұрлау және бірнеше рет қару қолданып, күш көрсету, екі немесе одан да көп адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндіріп, қылмыс жасады деген айып тағылып отырғаны айтылған.


Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет атқаруға қайшы келеді делінген ұсынылған құжатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар