Жаңалықтар

13 мамыр 2009
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Ақордада БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новакты қабылдады.

Кездесу М.Новак Қазақстанға жасаған бір апталық сапарының нәтижелеріне қатысты болды. Сапар барысында ол тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездесіп, қылмыстық-түзету жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне, мамандандырылған емдеу орындарына инспекциялық сапарлар жасады.


- Барлық өркениетті қауымдастық сияқты Қазақстан да азаптаулар мен адамдарға қатыгез қараудың басқа да түрлерінен кесімді бас тартады, - деп мәлімдеді кездесуде Мемлекеттік хатшы. – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің еліміздің БҰҰ-ның азаптауларға қарсы конвенциясы мен Факультативтік хаттамаға қосылу туралы шешімі, осы мәселені жою бойынша БҰҰ-ның тиісті құрылымдарымен және халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық осыған байланысты болып отыр. Біз азаптауларға қарсы Конвенцияны сақтаудың барлық жауапкершілігін терең түсінеміз және БҰҰ-ның осы мәселелер жөніндегі арнайы баяндамашысының Қазақстандағы миссиясы, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша ұсыныстар біздің осы саладағы атқарып жатқан жұмыстарымыз үшін өте пайдалы болатынына сенімдіміз.


- Мен барлық мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілген тиісті ынтымақтастық деңгейіне ризамын. Сапарымның екі мақсаты: азаптауларға қатысты істердің мән-жайына әділ баға беру және Қазақстанға орын алған проблемаларды шешу мен ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсынымдар ұсыну болды. Мен осы екі мақсатқа да қол жеткіздім, - деп мәлімдеді кездесуде М.Новак.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар