Жаңалықтар

28 маусым 2011
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Астанада өтіп жатқан Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысушы бірқатар делегация жетекшілерін қабылдады.

Қазақстан-американ серіктестігін нығайту, сондай-ақ мұсылман әлемімен АҚШ ынтымақтастығын дамыту мәселелері АҚШ-тың ИКҰ-дағы арнайы елшісі Рашад Хуссейнмен кездесу барысында талқыланды.

Таяу Шығыстағы жағдай мен оны бейбіт реттеу жолдары Қанат Саудабаев пен Палестина ұлттық әкімшілігінің Сыртқы істер министрі Рияд Малькимен кездесу кезінде қаралды.

Қазақстанның Бруней-Даруссалам мемлекетімен ынтымақтастығын нығайту және кеңейту ҚР Мемлекеттік хатшысымен осы елдің ханзадасы Мохаммед Болкияхпен кездесуінің тақырыбына айналды.

Тараптар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Бруней-Даруссалам сұлтаны Хассанал Болкияхтың шақыруы бойынша жасайтын сапары екі мемлекеттің қарым-қатынастарының жаңа беттерін ашатынына сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар