Жаңалықтар

14 тамыз 2008
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джон Ордвейді қабылдады.

Мемлекеттік хатшы қазақстан-американ стратегиялық әріптестігін нығайту мен дамытуға қосқан үлесі үшін Джон Ордвейге алғыс айтты.


Дж.Ордвей АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде төрт жыл қызмет атқарды. Осы уақыт барысында біздің елдеріміз арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық көлемі біршама артты, көптеген салалардағы байланыстар нығая түсті.


- Мен үшін Қазақстан сияқты керемет елді өз елімнің атынан өкілдік ету үлкен мәртебе. Соңғы жылдары халықтың, Президенттің күш-жігерінің арқасында, және де біздің әріптестігіміздің нәтижесінде Қазақстанда айтарлықтай өзгерістер жүзеге асырылды. Біздің екі ел әрдайым әріптес болып келді, әрқашан да жоғарғы деңгейдегі, елшілер мен халық арасындағы жақсы үнқатысу үлгісін ұстанып келеді. Біздің стратегиялық әріптестігіміз жалғаса беретініне және одан әрі дами түсетініне сенімдімін, - деп атап өтті кездесуде Дж.Ордвей.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар