Жаңалықтар

2 қазан 2008
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйімен, келешегімен және туристік кластердің даму барысымен танысты.

Мемлекеттік хатшы әлеуметтік нысандар - № 1 орта мектепте, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетте, Ақмола облыстық ауруханасында, Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында, сондай-ақ «Nurtau» сауда орталығында болды.


Сапар барысында алған әсерімен бөлісе отырып, Мемлекеттік хатшы былай деді: «Ақмола облысына астаналық аймақ болғандықтан үлкен жауапкершілік артылып отыр, сондықтан ол Астананың азық-түлік белдеуі болуымен қатар Елбасымыз Н. Назарбаевтың отандастарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша берген тапсырмасын жүйелі және ойдағыдай жүзеге асыруда. Облыстың білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің қызметі бұның айқын дәлелі бола алады. Экономиканың бұдан әрі дамуымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларын жетілдіру және еліміздің шынайы патриоттарын тәрбиелеу – Қазақстанның дамыған және бәсекеге қабілетті мемлекет ретіндегі жетістігінің негізі».


Қ. Саудабаевтың «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерімен әңгімелесуі қызғылықты да шынайы өтті.


«Нұр Отан» партиясының көшбасшысы Елбасымыз Н.Назарбаев тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда еліміздің жастарына тұрақты және жылдан-жылға үлкен қарқынмен дамып жатқан қолдау көрсетуде. Партияның жастар қанаты келешекте Қазақстанды тек биік белестерден көрсететін жас көшбасшыларды тәрбиелейтін шеберханаға айналуы тиіс. Елбасының еліміздің болашағы - жастарға деген қамқорлығының бір белгісі ретінде шәкіртақы көлемінің келер жылда 25 пайызға, 2010 жылы тағы да 25 пайызға, одан кейін 2011 жылы 30 пайызға көтеруі анық дәлел бола алады. Сондай-ақ, еңбекақы мен зейнетақы көлемі де осы мөлшерде көтеріледі. Отандастарымыздың әл-ауқатын бұдан әрі арттыру бойынша маңызды шешімдер әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қабылданып жатқандығын атап өткім келеді»,- деп қадап айтты Қ. Саудабаев.


Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің салынып жатырған визит-орталығында, «Есіл-Агро» ЖШС-нің «Айна» сүт зауытында және «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында болды.


Щучье курорттық зонасының жай-күйі және даму келешегімен таныса келе, Мемлекеттік хатшы: «Президент Н.Ә.Назарбаевтың экономиканы диверсификациялау, оның шикізаттық емес салаларын дамыту жөніндегі стратегиясы тұрғысында мұнда туристік кластер құрылады, сондай-ақ бірінші кезектегі назар өңірдің тамаша табиғатын сақтауға аударылады. «Қазақстандық Швейцария» деп аталатын Бурабай халықаралық туристік орталық бола алады және болуы тиіс» - деп атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар