Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 қыркүйек 2010
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Өскеменде өткен Қазақстан мен Ресейдің VII аймақаралық ынтымақтастық Форумының барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру туралы, атап айтқанда екі елдің жоғары технология, ғылым мен білім, транзит-көлік әлеуеті салаларындағы өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері жөнінде сөз болды.

Мемлекет басшылары сондай-ақ алдағы уақытта Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің мәселелерін талқылады.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар