Жаңалықтар

9 маусым 2007
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев XI Петербург халықаралық экономикалық форумына және ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшып кетті.

Мемлекет басшысы «Бәсекеге қабілетті Еуразия – сенім кеңістігі» атты XI Петербург халықаралық экономикалық форумының жалпы отырысында сөз сөйлеп, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.


АНЫҚТАМА


Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форум тұңғыш рет 1997 жылғы маусымда өткен болатын. Таныстырылым материалдарында «форум ресей экономикасының және шетелдік әріптестермен экономикалық өзара қарым-қатынасы ахуалын әділ бағалауға мүмкіндік беретін бірегей көрсеткіші болып табылады» деп көрсетілген.


Қазіргі кезде ресейлік бизнес халықаралық аренада асқан белсенділік танытып отырғандықтан, Петербург форумы айрықша өзектілікке ие болды. Сонымен қатар, сарапшылардың бағалауынша Ресей мен ТМД-ның бірқатар басқа да елдерінің экономикалары әлемдегі жылдам дамушы экономикалардың бірі болып саналады. ТМД аймағының әлемдік экономикаға ықпалының артуы басты тақырыпқа айналып отыр.


Осы жылы форум 8-10 маусым аралығында «Ленэкспо» көрме кешенінің аумағында өтеді. Оған әлемнің көптеген елдерінен бірнеше мыңдаған іскер және саяси топ өкілдері қатысады.


XI Петербург халықаралық экономикалық форумының бағдарламасы әлемдік қоғамдастықтың саяси, іскер, интеллектуалдық көшбасшылары арасындағы әріптестікті дамытуға, сондай-ақ жаһандық дамудың негізгі проблемаларын талқылауға бағытталған.


Экономикалық форум аясында инновациялық жетістіктер мен инвестициялық жобалардың халықаралық көрмесі өтуде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар