Өз жолдауында Дж.Буш АҚШ Үкіметінің атынан Қазақстан Үкіметі мен халқына Ирактағы көпұлтты коалиция күштерінің құрамында 2003 жылдың тамызы мен 2008 жылдың қазаны аралығында қазақстандық бітімгершілердің атқарған қызметі үшін терең ризашылығын білдіреді.
- Сіздің қиын-қыстау кезеңде Иракта демократиялық үкімет құруға және нығайтуға көрсеткен тұрлаулы қолдауыңыз сын сағатта қазақстандық рухты паш ету болып табылады. Қазақстан Ирак халқы үшін зорлық-зомбылықты азайту және тұрақтылық орнату жөніндегі операциялардың сәтті өтуіне батыл үлес қосты. Құрама Штаттар алдағы уақытта да қазақстандық контингентпен бірге бейбітшілікті қорғау операцияларында бірлесе қызмет ететініне үміт білдіреді, - делінген жеделхатта.