Жаңалықтар

22 желтоқсан 2006
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары жалғасуда.
327.jpg

Мемлекет басшысы Гонконг Қор биржасында болып, Сянган банк-қаржы құрылымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде биржаның және «UBS Asset Management» компаниясының Азия-Тынықмұхит өкілдігінің қызметі туралы бейне көрсетілімнің тұсаукесері болды.

 
- Біз қазақстандық компаниялар үшін Гонконг қор биржасында өз акцияларын орналастыру қызығушылық тудырады деп үміттенеміз, - деді биржаның Бас атқарушы директоры Пол Чоу.

 
- Біз үшін Гонконгтың қаржы, инновация, технология және ақпарат салаларындағы тәжірибесі аса бағалы. Сянгандық кәсіпкерлер аса қолайлы инвестициялық ахуал жасалған Қазақстанда өз инвестицияларын белсенді түрде салып, өз ноу-хаулары мен басқару тәжірибесін пайдаланатын болады деп үміттенемін. Өз кезегінде қазақстандық компаниялар да Гонконгтың қор рыногына тезірек шыға алатын болады. Қазақстан мен Сянган арасында іскерлік ынтымақтастықты жандандыру үшін жағдай жасау аса маңызды болмақ, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар