Жаңалықтар

17 маусым 2008
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Еліміздің бәсекелестігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференция жұмысына Франция, Ұлыбритания, ГФР, Ресей, Сингапурдың мемлекеттік басқару саласының 14 шетелдік сарапшылары қатысты. Олар Қазақстанның мемлекеттік қызметінің жаңғырту қағидалары мен мақсатын талқылады.


Конференцияларға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет үлгісін реформалаудың негізгі әдістемелерін белгілеп берді. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет мәртебесін нығайту, мемлекеттік кадр саясатын Қазақстанның аса маңызды ұлттық басымдықтарының дәрежесіне көтеру қажеттігін атап өтті.


- Мемлекеттік қызмет қағидаттарын қайтадан қарастыру қажет. Оның негізінде Меритократия, Адалдық, Тиімділік қасиеттері жатуы тиіс, - деді Н.Ә.Назарбаев.


Бүгінгі күнгі мемлекеттік қызмет үлгісіне құрылымдық өзгерістер енгізу қажеттігі туып отыр. Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызмет құрылымдарын жіктеуге асқан тереңдікпен және айқындықпен қараған жөн.


- Осылайша біз Қазақстан халқы сенім білдірген саяси көшбасшылар саясатты қалыптастыратын, ал кәсіби мемлекеттік қызметкерлер оның іске асуын қамтамасыз ететін жүйеге келеміз, - деді Президент.


Нұрсұлтан Назарбаев ұтымды мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісінің негізгі элементтеріне қатысты өз көзқарасымен бөлісті. Олардың ішінде Мемлекет басшысы жаңа кадр саясатының негізгі ережелерін әзірлеу мен бақылауға, саяси қызметкер мен әкімшілік мемлекеттің қызметтің айқын жіктелуіне, екі негізгі корпустан тұратын әкімшілік мемлекеттік қызметті қалыптастыруға жауапты Ұлттық комиссия құру қажеттігін атап өтті.


- Бірақ біздің негізгі міндетіміз – Мемлекет пен Халықты бірегей Ұлттық мүддеге топтастыру. Бұл – жаңа өркендеген демократиялы Қазақстан құрудың басты шарты болып табылады, - деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев.


Мемлекет басшысы Отанға қызмет ету мемлекеттік қызмет пен барша патриоттардың басты мәніне айналуы тиіс, - деді.


- Әйтпесе барша қазақстандықтардың бізден күтер біздің барлық ең озық және мінсіз әзірленген жобаларымыз ешқандай нәтижеге әкелмейді. Ал біз, яғни мемлекет солар үшін қызмет етеміз, - деді Президент.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің мәтінінқараңыздар.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар