Жаңалықтар

5 шілде 2005
Қазақстан Республикасының төрағалық етуімен ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттердің Мәдениет министрлерінің жиналысы өз жұмысын аяқтады.

Жиында мәдениет министрлері ШЫҰ аясында мүше мемлекеттердің көпжақты ынтымақтастығы бойынша өзара мәдени алмасу жайын және оның даму болашағын, сондай-ақ, басқа да бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосыбаевтың айтуынша, аталмыш ұйым аясындағы министрлердің басқосуы енді кездесулерден гөрі ауқымдырақ жағдайда өтетін болады. Осы бағытта министрлер бірлескен ақпараттық хабарламаға, ШЫҰ-на мүше елдердің 2005-2006 жылдарға арналған мемлекетаралық көпжақты мәдени ынтымақтастық жоспарын бекіту жөніндегі құжатқа қол қойды. Аталмыш құжатта ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен іс-шаралары қамтылған. Атап өтер болсақ, ұйымға мүше елдердің әртістері ұжымдарының бірлескен концерттерін және мәдени күндерін, жастар фестивалдарын ұйымдастыру мен өткізу көзделуде. Сонымен қатар, көпжақты ынтымақтастық жоспарларға сәйкес ұйымға мүше елдердің кинофестивалдарын 2006 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізу көзделуде.  
ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі Е. Қосыбаев бүгінгі басқосудың маңыздылығына тоқтала отырып, мәдениет саласындағы ықпалдастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін өз әріптестеріне алғыс айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар