Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 сәуір 2006
Кремльде Қазақстан және Ресей басшыларының қатысуымен шағын құрамдағы келіссөздер басталды

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастық, өңірлік интеграциялық бірлестіктердің өзара іс-қимылы, сондай-ақ басты халықаралық проблемалар жөнінде пікір алмасуға ықылас танытып отыр.

 
- Біз Сіздің Мәскеуге тағы да қадам басып отырғаныңызға қуаныштымыз. Бүгін біз екіжақты ынтымақтастық және интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың ең өзекті деген мәселелерін кең түрде талқыламақпыз, - деді Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан басшысын қарсы алу сәтінде.

 
- Бұл менің президенттік сайлаудан кейін Ресейге жасап отырған бірінші ресми сапарым. Өткен жыл біздің екіжақты ынтымақтастығымыз үшін өте жемісті болды. Осы жолы біз ынтымақтастықты тереңдету, атап айтқанда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара байланыстарды күшейту жөніндегі мәселелерді талқылаймыз. Қазақстанда Пушкин жылының және Мәскеуде Абай жылының ашылуы біздің елдеріміз бен халықтарымызды алдағы уақытта жақындастыра түсуге бағытталған, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар