Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы" Жарлыққа қол қойды.


Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының
5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті   Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы  8 сәуір

№  3


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар