Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 тамыз 2018
Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті
Ақтау қаласы, Достық үйі

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанның тұңғыш президенті Гейдар Әлиевтің кезінде басталған Каспийдің құқықтық мәртебесін реттеу үдерісі бүгінде тиісті Конвенцияға қол қою арқылы өзінің логикалық мәресіне жеткенін атап өтті.

Қазақстан Президенті кеше өңірдегі барлық елдер, соның ішінде Әзербайжан үшін жаңа көлік-логистикалық мүмкіндіктер беретін елеулі оқиға – Құрық порты мультимодальды хабының ашылғанын айтты.

– Біз бүкіл Қазақстан арқылы жүріп өтетін темір жол және 6 автомобиль жолын салдық. Соның ішінде екі жол Қытаймен шекарада орналасқан. Тынық мұхитының Ляньюньган портында логистикалық терминал тұрғызып, бүкіл Қазақстан арқылы өтетін заманауи автобан салдық, – деді Мемлекет басшысы.

Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевты Каспийде мультимодальды хабтың ашылуымен, сондай-ақ Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын көрсететін зор жетістіктермен құттықтады.

– Мен бауырлас Қазақстан жеріне тағы да келгеніме қуаныштымын. Маңғыстау өңірі бізге тарихи жағынан да, географиялық тұрғыдан да жақын. Құрық портының жаңа мүмкіндіктері ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түседі, – деді Әзербайжан Президенті.

И.Әлиев биылғы мамыр айында көлік легі интеграциясын толық қамтамасыз ететін Аляк портының ашылғанын атап өтіп, екі елдің транзит мүмкіндігін пайдаланудың саяси және экономикалық тиімділігіне тоқталды.

– Каспий сыртқы көлік күре тамырына айналды. Көптеген күрделі мәселелер жөнінде келісімге қол жеткізу ісіндегі Сіздің рөліңізді ерекше атап өткім келеді. Біз Конвенцияның барлық ережелерінің орындалуына, Каспий теңізінің өңір тұрақтылығын әрі қарай да қамтамасыз ете беруіне ұмтылатын боламыз, – деді Әзербайжан Республикасының Президенті.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар