Жаңалықтар

28 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовты және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы түлектері қауымдастығының президенті Ғабидолла Әбдірахымовты қабылдады.

Кездесу барысында Президентке бағдарламаның дамуы және «Болашақ» түлектерінің мемлекеттік қызмет жүйесі мен басқа да ведомстволарға орналастырылуы туралы баяндалды. Мемлекет басшысы министр Қ.Келімбетовке орталық атқарушы билік органдарында бағдарлама түлектерінің қатарын одан әрі көбейту туралы егжей-тегжейлі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

 
- Президенттік стипендия ТМД кеңістігінде теңдессіз болып табылады, тіпті әлемнің дамыған елдерінің өздері осындай бағдарламаларды жасай алмайды. Осы жылдарда бүгінде мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда жауапты қызмет атқаратын, бизнесте жұмыс істейтін стипендия түлектерінің бір шоғыры қалыптасты. Биылғы жылы шет елдерге жіберілген стипендия иегерлерінің саны үш мыңға дейін өсіп отыр. Олардың біздің еліміздің дамып келе жатқан экономикасы үшін айтарлықтай сүйеу болатынына сенімдімін, - деді Ғ.Әбдірахымов кездесуден кейін.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар