Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қыркүйек 2018
Мемлекет басшысы «Йылдырым групп» компаниясы басқармасының төрағасы Роберт Юксел Йылдырыммен кездесті
Түркия Республикасы, Анкара қаласы

Келіссөз барысында Қазақстан Президенті мен түрік кәсіпкері хром өндіру және химия өндірісі салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.  

Мемлекет басшысы бүгінде Ақтөбе облысында түрік компаниясы жұмыс істеп жатқанын айтып, инвесторлардың екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жоспарларын қолдайтынын білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар