Жаңалықтар

20 маусым 2019
Мемлекет басшысы Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Биньямин Нетаньяху Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, ел игілігі жолында табыс тіледі.

Екі елдің басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, қорғаныс технологиясы саласындағы ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-Министрінің 2016 жылғы Қазақстанға жасаған сапарының табысты болғанына тоқталып, жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары