Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 қараша 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қабыл университетінде жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың жазықсыз қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

– Осындай қаралы сәтте орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасылар мен барша Ауғанстан халқына қазақстандықтардың және өз атымнан көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қасіретті оқиғада зардап шеккен адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар