Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 қазан 2006
Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жағалау қорғанысы әскерлерінің № 25744 гвардиялық құрамасында болды.

39.jpg

40.jpg

Президент бөлімшенің жатақханасын, оқу корпусын, әскери машиналар мен техника паркін аралап көрді.

- Сіздер аталарыңыз бен әкелеріңіздің даңқты батырлық дәстүрлерін жалғастырып, өздеріңіздің білімдеріңіз бен біліктеріңіз арқылы еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлес қосып келесіздер, деп сенемін. Сіздерге біздің Отанымызды қорғау, оның теңіздегі шекараларын күзету тәрізді абыройлы міндет жүктелген. Адал қызмет етіңіздер, өздеріңіздің жауынгерлік және конституциялық парыздарыңызды мақтанышпен әрі абыроймен орындаңыздар, - деді Мемлекет басшысы гвардиялық құраманың әскери қызметшілерімен кездесу кезінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар