Жаңалықтар

7 мамыр 2007
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті сақтандыру түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, аталған заң халықтың сақтандыру қорғанысы деңгейін арттыруға және міндетті сақтандыру жүйесін жақсартуға бағытталған.

Сондай-ақ Президент «Халықаралық әуе қатынастары кезіндегі транзит туралы келісімді ратификациялау туралы», «Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қарулар жасауға, өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» заңдарға қол қойды.


Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар