Жаңалықтар

8 сәуір 2011
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының
1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына  сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті    Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2011 жылғы  8 сәуір

№  1


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар