Жаңалықтар

25 қыркүйек 2019
Мемлекет басшысы Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесті
БҰҰ штаб-пәтері, Нью-Йорк, АҚШ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясындағы екі жақты кездесулері Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Бетелльмен келіссөз жүргізумен жалғасты.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, бірқатар перспективалы жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударды.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ксавье Беттель ғарыш өнеркәсібі, қаржы қызметтері, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы арқылы ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар