Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қаңтар 2011
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлидің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Елбасы жеделхатта ардақты ақынның дүниеден өтуі қазақ әдебиеті үшін орны толмас қаза екенін, оның азаматтық, патриоттық тақырыптарға жазылған, философиялық түйіндеулерге құрылған жырларын халқымыздың сүйіп оқитынын атап өткен.

- Қадыр Мырза Әли тек қаламгерлік қайратымен ғана емес, биік азаматтық болмысымен, еңбексүйгіштік қасиетімен де жұртшылыққа жақсы үлгі еді. Халқымыз оның жарқын дидарын, тапқыр да шуақты әзілін сөзсіз сағынатын болады. Қадырдай ақынның өмірі оның жүрегінің тоқтауымен аяқталмайды, енді оның шығармашылық мол мұрасының мәңгілік ғұмыры басталып, баянын таба беретіні сөзсіз, - делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар