Жаңалықтар

31 қазан 2011
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Въетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесті.

-   Въетнам Коммунистік партиясының басшылығымен въетнам халқы әлеуметтік-экономикалық дамуда, білім, мәдениет пен қоғамдық өмірдің өзге де салаларында толымды табыстарға жетті, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қазақстан-въетнам өзара тиімді серіктестігінің сапалы жаңа деңгейге өтуі үшін объективті мүмкіндіктер барын атап өтті.

- Саяси жүйенің тұрақтылығы – екіжақты ынтымақтастықтың табысының кепілі. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды осындай негізде құру керек, - деп атап өтті Въетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар