Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда еліміздің демократиялық даму негізін құрайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің еркін, әділ және бәсекелі сайлауын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

 
2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда еліміздің демократиялық даму негізін құрайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің еркін, әділ және бәсекелі сайлауын өткізу мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабын басшылыққа ала отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 
1. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауын лайықты өткізуді және сайлау барысында республика азаматтарының сайлау және сайлану конституциялық құқығының іске асырылуын қамтамасыз етсін.

2. Республика Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауын толық және уақтылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.

 

3. Республиканың Бас прокуратурасы заңнаманың сақталуын қадағалауды қатайтсын, сайлау туралы заңнаманың бұзылу фактілері туралы арыз-шағымдар мен өзге де өтініштерге жедел назар аударсын.

 

4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері сайлаушылар тізімдерін уақтылы жасауды және олардың дұрыстығын қамтамасыз етсін, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына алдағы сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін шешуде барынша жәрдем көрсетсін.

 

5. Республика Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, сайлау алдындағы үгіт кезеңінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға бұқаралық ақпарат құрал-дарына  тең  қолжетімдікті қамтамасыз етсін.

 

6. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы республика Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша, алдағы сайлауға Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын, сондай-ақ шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеуді заңнамаға сәйкес жүзеге асырсын.

 

7. Республика Әділет министрлігі Қазақстан азаматтарына жеке куәліктер мен төлқұжаттарды уақтылы ресімдеу мен беруді, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын тіркеуді қамтамасыз етсін.

 

8. Республика Ішкі істер министрлігі облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау науқаны кезеңінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларды қабылдасын.

 

9. Қазақстанның саяси партиялары мен өзге де қоғамдық бірлестіктеріне сайлау іс-шараларын өткізудің барысына қоғамдық бақылау орнату ұсынылсын.

 

10. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 

Н.НАЗАРБАЕВ


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар