Жаңалықтар

1 маусым 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада елімізге танымал бір топ ақын-жазушыларды қабылдады.

Қазақстан Жазушылар одағының XIII съезі қарсаңында өткен кездесуге Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Есенғали Раушанов, Алдан Смайыл, Рымғали Нұрғали, Қадыр Мырзалиев, Айгүл Кемелбаева, Дулат Исабеков, Әкім Тарази қатысты.


Кездесуге қатысушылар қоғамдық дамудың, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін, қазіргі заманғы әдеби үрдіс пен Қазақстанды жаңғыртудағы шығармашыл зиялы қауымның рөлін талқылады.


Президент Қазақстан халқының интеллектуалдық, мәдени және рухани байлығын арттыру және оны одан әрі әлемдік деңгейде насихаттаудағы әдеби еңбектің айрықша маңызын атап өтті.


Қазақстандық жазушыларды мемлекеттік қолдау мақсатында президенттік және мемлекеттік стипендия, Әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлық тағайындалып, олардың көлемі жыл сайын өсіп келеді. Жазушылардың Елордада тұрып, жұмыс істеуі үшін тиісті әлеуметтік жағдайлар жасалып отыр.


- Мемлекет әрдайым шығармашыл зиялы қауымға қолдау көрсетіп келеді және алдағы уақытта да отандық әдебиеттің дамуын барынша ынталандыра бермек, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.


Кездесуге қатысушылар өздерінің сөйлеген сөздерінде Мемлекет басшысына мәдениет пен өнер саласына үнемі көңіл бөліп отырғаны үшін ризашылықтарын білдірді, сондай-ақ елімізде жүргізілген саяси реформаларға қолдау білдіретіндерін жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар