Жаңалықтар

7 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ұлтымыздың көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерін қабылдап, Президенттің атаулы стипендиясын табыс етті.

Мемлекет басшысымен кездескен қазақ әдебиетінің танымал өкілдері Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Фариза Оңғарсынова, Кәкімбек Салықов және композитор Еркеғали Рахмадиев   Елбасының әдебиет пен мәдениет салаларының өкілдеріне көрсетіп келе жатқаны үлкен қолдауы үшін алғыстарын білдірді. Әдебиет майталмандары осы кездесуде ұлтымыздың одан әрі рухани дамуына қатысты көкейкесті ойларын ортаға салды.

 

-Елбасы қабылдауында мен Астананың Алпамыс батырдай күннен күнге тұлғаланып, өсіп келе жатқанына сүйсінетінімді, сондай-ақ  кезінде жасыл желекке оранған ару Алматының айналасын одан әрі көгалдандыру мәселесін айттым. Бұл пікірімді Елбасы қуаттады, - деді Шерхан Мұртаза кездесуден кейін журналистерге берген сұхбатында.

 

Жазушы Әкім Тарази белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай туралы фильмнің түсірілу барысы жөнінде баяндаса, ақын Фариза Оңғарсынова өскелең ұрпақты әлем әдебиетімен сусындатып өсіру және қазақ ақын - жазушыларының шығармаларын басқа тілдерде жарыққа шығару мақсатында елімізде  көркем аударма жасайтын мамандар даярлау қажеттігі мәселесіне тоқталғанын жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар