Жаңалықтар

10 қараша 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы резиценциясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Соарешті қабылдады.
06_big-10.11

Әңгімелесу барысында Елбасы Н. Назарбаев келесі жылы елімізде ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы ұсынысын білдірді. Өз тарапынан Ж. Сораеш бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді.

- Қазақстан Президентімен болған кездесуімізде сөз болған ЕҚЫҰ-ның саммиті көптен бері өтпеген еді. Қазақстанның осындай бастама көтеруі маңызды мәселе. Осындай тың бастаманы жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстан халықаралық ұйымның жұмысына тың серпін береді,- деді бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Жоао Соареш мырза.

Ол сондай-ақ Қазақстан тарапынан ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге дайындық барысында атқарылған шараларға кеңінен тоқталып өтті. ЕҚЫҰ-на төрағалық ету аясында біздің елмен жемісті жұмыс жүргізілетініне өз сенімін білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар