Жаңалықтар

2 шілде 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Шетелдік істер жөніндегі комитеті кіші комитетінің төрағасы Эни Фалеомаваеганы қабылдады.

Эни Фалеомаваега Нұрсұлтан Назарбаевты АҚШ-тың жаңа сыртқы саяси бастамалары туралы хабардар етті.

 

Сондай-ақ кездесу барысында АҚШ Президенті Барак Обаманың Ресейге жасайтын алдағы сапары, әлемдегі геосаяси ахуалды жақсарту бойынша қолға алынып жатқан шаралар туралы әңгіме өрбіді.

 

- Біз Қазақстан Президентімен жақсы келіссөздер жүргіздік, ол екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі жаппай қырып-жоятын қаруды қысқарту жөнінде консультациялар жүргізетін тамаша мүмкіндік екенін атап өтті, - деді конгресмен.

 

Эни Фалеомаваега өзі Қазақстан Президентінің жаппай қырып-жоятын қаруды қысқарту және жою жөніндегі бастамаларының жақтаушысы болып табылатынын атап көрсетті.

 

- Мен Қазақстанға діндер арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайту мәселелеріне, дін ұстану еркіндігін бекітуге арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезін өткізіп отырғаны үшін ризамын. Бұл әлемнің көптеген елдері іске асыруы тиіс тамаша идеялар, - деді Эни Фалеомаваега


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар