Жаңалықтар

13 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда болып өткен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының 60 жылдығына арналған салтанатты мәжіліске қатысты.
37.jpg

Президент мәжіліске қатысушыларды Академияның мерейтойымен құттықтады және жаңа жағдайда Ғылым академиясының Қазақстан ғылымын серпінді дамытуға жәрдемдесетін нағыз қажырлы ұйымға айналатынын атап көрсетті.

- Инновациялық және технологиялық табысқа жету үшін бізге елдің ғылыми-техникалық әлеуетін жұмылдыруды жеделдету, ресурстарды ғылымның басым бағыттарын дамытуға жұмылдыру, жетістіктерімізді өндіріске белсенді түрде енгізуге жағдай жасау қажет. Тек ғылыми-техникалық ресурстар ғана инновациялық дамытудың негізгі факторына айналуға тиіс. Ұлттық Ғылым академиясының басты мақсаты – тынымсыз ғылыми ізденіске, алдыңғы қатарлы білім алуға, біздің қоғамымызды рухани дамытуға барынша ден қоюды әспеттеу, - деді Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде.       

Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов Мемлекет басшысына ҚР ҰҒА-ның жоғары наградасы – «Үлкен алтын медалін» тапсырды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар