Жаңалықтар

1 маусым 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Вардан Осканянды қабылдады.

Кездесу кезінде саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

-Біз Қазақстанды өңірдегі бас көшбасшы ретінде санаймыз, сондықтан да біздің өзара қарым-қатынастарымыздың мейлінше терең әрі кең түрде дамығанын қалар едік. Біздің екі еліміз арасында саяси келіспеушіліктер жоқ, көптеген шарттарға қол қойылды, үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Біз экономикалық өзара қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беру керектігіне келісеміз,-деді В.Осканян журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар