Жаңалықтар

1 мамыр 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана-Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңға келіп, бүкіл қазақстандықтарды Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

Алаңда Елбасын ұлттық-мәдениет орталықтарының жетекшілері, Астана тұрғындары мен меймандары қошеметпен қарсы алды.

 
- Қазақтың кең даласында көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары орнығып, бір-бірлерімен тамырласып, ғұмыры, өмірі бірге өтіп келе жатыр. Бұл біздің тарихи тұрақтылығымыздың, өсіп өркендеуіміздің белгісі деп ойлаймын. Біз көп қиындықтардан бірге өттік, жаманшылықтарды да көрдік, жақсылықтарды да бөлістік. Татулық пен достықтың арқасында ТМД елдерінің арасында барлық салада алға шығып, көш бастап келеміз. Соның арқасында біз алдымызға үлкен мақсат қойып, дамыған елу елдің қатарына қосылуға ниеттеніп отырмыз, - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар