Жаңалықтар

9 маусым 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады.

Әкім Президентті Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жағдайы, атап айтқанда, тұрғын үй құрылысы мен заманауи қалалық инфрақұрлымды қалыптастыру салаларының жайы туралы хабардар етті.


Үстіміздегі жылдың басында елордада салынып бітпеген 128 үлестік құрылыс нысаны болса, соның 104-і жыл соңына дейін, ал қалған 24 нысанның құрылысы 2010 жылы аяқталады.


И.Тасмағамбетов сондай-ақ Астана күнін мерекелеуге әзірлік барысы туралы баяндады. Осы күнге орай «Локомотив-лизинг» теміржол локомотивтерін құрастыру зауыты, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы мен «Лукойл» компаниясының әкімшілік ғимараттары, 30 мың орындық жабық стадион, Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ, 300 орындық кәсіби-техникалық лицей және т.б. нысандар құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.


Астана әкімі мерекеге дейін Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы автомобиль көпірінің сол жақ эстакадасы бойынша көлік қозғалысының ашылатынын, сондай-ақ екі үлкен жолайрықтардың құрылысы аяқталатынын ерекше атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар