Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 қаңтар 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы жаңа теннис кешенінде болды.
017

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Мемлекет басшысына Ұлттық теннис орталығының аумағында халықаралық талаптарға сәйкес келетін жаңа кешенді құру туралы, сондай-ақ еліміздегі теннис спортының жай-күйі мен оны дамыту келешегі жайлы баяндап берді.

Жаңа спорт кешенінде ең заманауи технология қолданыла отырып салынған алты теннис корты бар. Кешенде спортпен шұғылдану үшін кез келген ауа-райында қолайлы температураны ұстап тұруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ауа алмастыру  және кондициялау жүйесі орнатылған. Кәсіби теннис төсемі кешеннің бірегей ерекшелігі болып табылады. Келешекте бұл кешенде жоғары деңгейдегі халықаралық жарыстар өтетін болады.

Теннис орталығын аралау барысында Президент жаңа корттың сапасын өзі сынақтан өткізді және Астананың жас теннисшілеріне теннис бойынша шеберлік класын көрсетті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар