Жаңалықтар

1 маусым 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының Балалар үйінде және елордалық «Арман» балалар бақшасында болып, жеткіншектерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
76.jpg

-Бүгін айрықша күн-бүкіләлемдік балаларды қорғау күні. Сондықтан да мен осы балалар үйі мен жаңа балалар бақшасына келуге уақыт тауып отырмын. Өкінішке орай, қазіргі таңда Қазақстанда балалар үйлері аз емес. Олардың барлығы мемлекеттің қамқорлығында. Бұл жеткіншектер өсіп-жетіліп, өмір сүруі, білім алулары, тәуелсіз мемлекетіміздің теңқұқылы азаматтары болу үшін барлық қажеттіліктемен қамтамасыз етілген. Ол солай бола береді деп ойлаймын. Отбасылық үлгідегі балалар үйлеріне мейлінше мән берілген. Бұл жерде түрлі жас мөлшеріндегі, түрлі ұлттан шыққан бүлдіршіндер тобы бір отбасыда өсуі үшін мемлекетіміз «шеше», «әке» орнына саналатын арнайы тәрбиешілерді ұстап келеді. Бұны игілікті қадам деп есептеймін және «ағалары» мен «әпкелері», «ата-анасы» бар балалар жалғыздықтан жапа шекпейді деп ойлаймын.  Біз мұндай үйлерді барлық жерде салатын боламыз. Жергілікті жерлерде балалардың болашағына қамқорлық жасап, сол қамқорлық олар мектеп бітіріп, мамандық алғандарына дейін және өз аяқтарына тұрғанға дейін жалғаса беруі керек,-деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге арналған брифингте.

2005 жылдың қараша айында салынып біткен №37 балалар бақшасында болған Елбасы еліміздің барша жерінде балалар бақшаларының санын арттыру қажеттігін атап өтті.

-Адамдардың жұмыспен қамтылуы кеңейтілген қазіргі уақытта ата-аналар жұмыс істеуге ұмтылады, сондықтан біз балалар үшін жағдай жасауымыз керек. Бүгінгі таңда тұрғын үй кешендерін салып жатқан компаниялар аталған кешендерді балалар бақшаларымен қамтамасыз етуге міндетті. Әкімдік өз тарапынан осы іспен айналысуда. Мұндай балалар бақшалары барлық облыстар мен қалаларда, аудандарда салына беретін болады. Сонымен бірге мұндай мекемелерде жеткіншектерге білікті тәрбие беріліп, олар ұжыммен бірге болуға үйренеді, тиісінше мектепте оқуға қажетті білім алады. Біз он екі жылдық білім беру жөнінде сөз қозғап жатқан қазіргі уақытта жеткіншектер бірінші сыныпқа қажетті  оқу-білімді балалар бақшасы саналатын дайындық мекемелерінен алып шығатын болады деп есептейміз. Осы заманғы балалар бақшаларында спорт залдары мен бассейндердің болуы, олардың шет тілдеріне үйреніп, мемлекеттік тілді меңгерулеріне үлкен мән берілгені маңызды,-деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан назарбаев Қазақстанның барлық балалары мен ата-аналарына денсаулық пен бақыт тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар