Жаңалықтар

29 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады.
01сайт

Президент Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Саммиті қарсаңында тұрғанын атап өтті. Астанаға 75 ресми делегация, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері келеді. Қонақтардың саны 5 мыңнан асады.

- Біз үшін, әсіресе біздің жаңа елордамыз үшін бұл бір шетінен, аса жауапкершілік, екінші жағынан – үлкен құрмет. Мен қонақтарды әуежайдан бастап күтіп алып, оларды қонақ үйлерге орналастыру үшін Астанада көптеген жұмыстар атқарылғанын білемін. Қалада көшелер абаттандырылды, қауіпсіздік, қалалық көліктің қозғалу бағыты, бос уақытты ұйымдастыру мәселелері ойластырылды, - деді Президент.

Кездесу барысында И.Тасмағамбетов Президентке қаланың алда өтетін ЕҚЫҰ-ның Саммитіне әзірлігі туралы баяндады. Әкім қазірдің өзінде 1,5 мыңнан астам шетелдік қонақ келгенін, олар 68 қонақ үйге орналастырылғанын мәлімдеді. Қонақтар бос уақыттарында елорданың әсем ғимараттарымен танысып, қаланың қонақжай дәстүріне қанығатын болады.

- Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, барлық нысандар, соның ішінде, жол инфрақұрылымдары, қонақ үйлер, мейрамханалар, сондай-ақ Саммит жұмысы өтетін бөлмелер дайын. Біздің қонақтарымыздың көңілінен шығады деп ойлаймын, - деді И.Тасмағамбетов.

Кездесудің аяғында Президент қазақстандықтар Саммиттің өткізілуін қолдап көптеген хаттар жолдағанына, ал БАҚ материалдар жариялағанына тоқталды. Қазақстандық бизнестің өкілдері Саммиттің өтуіне қаржылық қолдау көрсетуде.

- Бұл үшін барша қазақстандықтарға рахмет. Біз Саммитті жоғары деңгейде өткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар