Жаңалықтар

10 қараша 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен Қазақстанның Азаматтық партиясының VII съезінің жұмысына қатысты.

Съезге қатысушылар Азаматтық партияның «Отан» республикалық партиясымен бірігуі туралы шешім қабылдады.

 
- Бүгінгі съезд – Азаматтық партия үшін ғана емес, еліміздің бүкіл партия жүйесі үшін маңызды оқиға. Жаңа қабылданған шешімнің саяси маңызы зор. Қазақстанның барлық сындарлы саяси күштерін біріктіру туралы идеяға құлақ асқан Азаматтық партия өзінің бүгінгі таңда ел алдында тұрған стратегиялық міндеттерді түсінетінін көрсетті. Мен сіздерді бұл шешімдеріңізбен құттықтаймын. Биыл басталған қазақстандық партиялардың бірігу үдерісі – Қазақстанның саяси жүйесінің дамуындағы жаңа кезең, - деді Нұрсұлтан Назарбаев съезде сөйлеген сөзінде.

 
Президент партиялардың бірігуі Қазақстан алдында тұрған жаңа стратегиялық міндеттерге сай келетіндігін атап көрсетті.

 
- Біздің елеміз өз дамуында алдағы кезеңдерге қарағанда күрделірек жаңа кезеңге өтті. Біздің мақсатымыз елді жеделдетіп жаңашаландыру болып табылады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру оның бірінші кезеңі болмақ. Сондықтан бізге жаңа жаңашаландырылған серпіліс жасау үшін барлық күштердің біріккені керек, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

 
Елбасы біріккен партияның алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

 

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін  қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар