Жаңалықтар

9 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.

big-0107.jpg

big-0207.jpg

Одан кейін Елбасы, ресми тұлғалалар, елорда тұрғындары мен меймандары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлермен сұхбаттасып, оларды Ұлы Жеңістің 62 жылдық мерекесімен құттықтады.


- Бұл күнді бүгін бүкіл әлемдік қоғамдастық, фашизмге қарсы тұрған барлық елдер атап өтуде. Сол Жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі орасан зор. Жүздеген мың отандастарымыз сол қан майданда қаза тапты. Соғыстан қайтқан азаматтар соғыстан кейінгі Қазақстанды көтерді, қалалар мен ауылдарды тұрғызды. Мен барлық ардагерлерді, олардың отбасыларын, балалары мен немерелерін және барша қазақстандықтарды осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Әрқашан аспанымыз ашық болсын. Сіздерге мықты денсаулық, игіліктер мен бақ-береке, елімізге тыныштық тілеймін, - деді Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар