Жаңалықтар

29 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға үшкүндік сапармен келген Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Сергей Собянинді қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан және Ресей Президенттері Әкімшіліктерінің басшылары арасындағы кездесулер тәжірибесіне оң баға берді.


- Соңғы екі жылда Қазақстан мен Ресей жиырмаға жуық келісімдерге қол қойды. Президенттер Әкімшіліктері – осы келісімдерді жүзеге асыру жөніндегі министрліктер мен ведомстволардың жұмысын үйлестіруші және бақылаушы орган. Олар екіжақты қарым-қатынастарға оң ықпал ете алады. Сіздер жиі кездесіп тұруларыңыз тиіс, бұл орайда, біздер, екі мемлекет басшылары сіздерге жақсы үлгі көрсетіп отыр, - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті.


Кездесу барысында сондай-ақ маусым айының алғашқы жартысында Санкт-Петербургте өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне әзірлік мәселесі де қозғалды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар