Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» саяси партиясының төрағасы Өмірбек Текебаевты қабылдады (Қырғыз Республикасы).

Кездесу барысында Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесі, ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікті нығайту саласындағы рөлі талқыланды.

Журналистерге арналған брифингте Ө.Текебаев бүгінде Қырғызстанда маңызды саяси үдерістер жүруде, жаңа саяси жүйе қалыптасуда екенін атап өтті.

- Қазақстан туыстас республика және ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға нақты көмектер көрсетуде. Біз Қазақстан мен Қырғызстан келешекте екі жақты ынтымақтастықты табысты дамыта беретініне сенеміз, - деді Ө. Текебаев.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар