Жаңалықтар

17 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласындағы бірқатар жаңа нысандарды аралап көрді.

 

Президент Атырау қаласындағы №3 жаңа су тазарту стансасын аралап көрді. Облыстың сумен жабдықтау ахуалымен, су жүргізу жүйесімен, сондай-ақ су тазарту стансасының жұмысымен танысып шықты.

Стансаның Атырау қаласын, қала маңындағы кенттер мен елді мекендерді сумен жабдықтауды толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.

Мемлекет басшысының Атырау облысына жұмыс сапарының бағдарламасы азық-түлік белдеуін құрудың аясында салынған жаңа жылыжайды аралаумен жалғасын тапты.

Жаңа жылыжай елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында салынған. Ол жаңа тоңазыту және желдету жабдықтарымен жарақтандырылған.

Аталған жоба халықты бірінші кезектегі қол жетімді бағадағы өнімдермен тұрақты түрде жабдықтауға мүмкіндік береді.

Жаңа нысандарды аралап шыққаннан кейін Атырау облысының әкімі Б.Рысқалиев Президентке облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар