Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Аслан Мусинді қабылдады. Кездесуде А.Мусин Елбасына Атырау облысының 2005 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, индустриалдық даму және тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының жүзеге асырылу туралы баяндап берді.

 

Президент сондай-ақ “Отан” республикалық партиясы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұловты қабылдады. Мемлекет басшысы “Отанның” барлық мүшелерін партияның құрылғанына жеті жыл толуымен құттықтады.

- Кездесуде Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы, атап айтқанда Жолдауды жүзеге асыруда партия қандай нақты шараларды атқаратыны туралы мәселер талқыланды, - деді Б.Жұмағұлов журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық партияның төрағасы Ромин Мадиновты қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы жағдайында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды.

- Мен Мемлекет басшысына бүгінгі халыққа Жолдауы үшін барлық ауыл тұрғындарының атынан зор алғысымды білдірдім. Жолдауда халықтың неғұрлым әлжуаз топтары - ардагерлерге, ауған соғысына және Чернобыль апатына қатысушыларға көмек көрсету жөнінде көптеген нақты мәселелер шешілді. Ең бастысы еліміз серпінді дамып келеді, - деді Аграрлық партияның төрағасы журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар