Жаңалықтар

13 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімовты қабылдады.

Кездесу барысында телекоммуникация, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тұрмыстық техника өндірісі салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

 
- Қазақстан халықаралық деңгейде маңызды роль атқаратын аса еңселі ел және Еуропада да Сіздің елмен ынтымақтастықты дамытуға деген қызығушылық артып отыр. Бізді Қазақстандағы экономиканың жылдам дамуы, саяси және экономикалық реформалардың жаңару деңгейі, демократия саласында қол жеткізген жетістіктер таң қалдырады. Осындай жас мемлекет үшін ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге өтінім білдіру аса маңызды қадам болып табылады. Осы сапарға менімен бірге ірі бизнес-делегация келді және біз осы сапар кезінде жүргізілген кездесулер Қазақстан мен Швеция арасындағы тығыз ынтымақтастықтың одан әрі дамуы үшін берік негіз қалайтынына және біздің халықтарымыздың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік туғызатынына үміт білдіреміз, - деді Швеция вице-премьері журналистерге арналған брифингте.

 
Ол сондай-ақ  Қазақстанның жаңа елордасы туралы өз әсерімен бөлісті.

 
- Астана бізге таңғажайып әсер қалдырды. Астананың дамуы – бұл аздаған жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктеріңіздің көрсеткіші, бұл Сіздердің елдеріңіздің жаңаруы мен Қазақстан алға қойып отырған асқақ мақсаттардың көрсеткіші, - деп атап өтті Боссе Рингхолм.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар